Семинар-тренинг өтті

529

0

Семинар-тренинг өтті «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен отбасы күніне орай, «Мен және менің жанұям» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Гүлнар Сәрсенбай қатысып, алғы сөз сөйледі.
Қаладағы мемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтын 40-қа жуық жас отбасылары мен жас мамандар қатысатын семинар-тренингті «Forever» тұлғалық дамыту орталығының тренері Нұрсәуле Мусаева жүргізді.
Семинар-тренинг жас жұбайларға отбасы және оның міндеттері туралы кең түсінік беріп, отбасылық дәстүр мен қастерлі мұрасының маңыздылығына тоқталып, болашақ отбасында берік және үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру негіздеріне үйрету мақсатында өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<