«Сендей өз ұяласымды талағаным жоқ »

2529

0

Сағит шешен мен Омар болыс

Дуан басы Ыбырайдың туысы − Жайықбайдың Омары дейтін өте қатал болыс болыпты. Өзіне бағынбаған, табынбаған адамды табанына тұтқындатып, елді зар қақсату оның әдетіне айналыпты.

Бір жылы өзінің кедей ағайынын айдатпақ болады. Оның бар кінәсі болыс отырған ақордаға рұқсатсыз кіріп келгендігі екен.

Осыны естігенде Сағит шешен болысты әзер тоқтатыпты. Ойындағы бұзықтығын орындай алмай булыққан Омар Сағит шешен үйден шыға бергенде,

− Әжептәуір адамға да иттің атын қояды екен-ау! – деп мырс етті.

Сонда Сағит шешен артына жалт қарап,

−Мен ит болсам да, сендей өз ұяласымды талағаным жоқ қой, −деп шығып кетеді.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» кітабынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<