Сергектік әркез сыналатын сала

276

0

Кеше облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының алқа отырысы өткізілді. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов төрағалық етті.

Жиынға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық, аудандық мәдениет және спорт бөлімдерінің басшылары, спорт мекемелерінің директорлары  және жауапты мамандар қатысты.

Басқарма басшысы Жанмұрат Сейілов атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша баяндама жасады.

Жыл басында қайта жасақталған басқарма алдында үлкен міндеттер тұр. Соның ішінде өткен жылы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан халықаралық талаптарға сай келетін жүзу бассейні бар көпбейінді денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Биыл мұндай жұмыстар өз жалғасын табады. Атап айтқанда, сол жағалаудан заманауи стадион мен теннис орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту басымдық ала береді. Облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын азаматтар саны өткен жылдардан көбейген.  

Алқа отырысында облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сала бойынша өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Мәселен, спорт ғимараттарының жағдайы, мүгедектігі бар азаматтардың спортпен айналысуы, ұлттық спорт түрлерінің дамуы бойынша қолға алатын іс аз емес. Оған қоса бапкерлердің біліктілігін арттыруда тиісті іс-шаралар қолға алынуы қажет. Балалар мен жасөспірімдер арасында спорт клубтарының жұмысын жандандыра түскен абзал. Осы мақсатта қалалық, аудандық әкімдіктерге біршама тапсырма беріліп, оның орындалуы бақылауда болады. 

Алқа отырысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік спортшылар», «Үздік жаттықтырушылар», «Үздік спорт мектептері», «Үздік мәдениет және спорт бөлімдері» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<