Шаңырақ күнінде 10 сәби өмірге келді

356

0

Фото: ашық дереккөз

Шаңырақ күні» Алматы қалалық №4 перзентханада (отбасылық құндылықтар күні) төрт ұл, алты қыз өмірге келді.

Перзентхана ұжымы аналарға мерекелік іс-шара дайындады. Би ансамбльдері өнер көрсетті, гитара мен домбырада әндер орындалды. Жас аналар үшін дәстүрлі ұлттық тағамдар дайындалды. Сондай-ақ жас аналарды отбасындағы қуанышпен құттықтап, «Наурыз – базар» естелік сыйлықтары табыс етілді.

Қуанышы қойнына сыймаған аналар қуаныштарымен бөлісті. 31 жастағы алматылық Эрика есімді ана №4 перзентханада төртінші баласын дүниеге әкелді.

«Бұл жерде үлкен символдық мән жатыр, мен Наурыз мерекесі қарсаңында босандым, әсіресе қызымның дүниеге келуі отбасылық құндылықтар күнімен тұспа-тұс келді. Мен қазір өте қуаныштымын. Ана болу – үлкен бақыт. Бүгін бізді салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар бергендеріне өте ризамын. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын және баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, өркендеу, әр үйге амандық пен бақыт тілеймін», – деді төрт баланың анасы Эрика.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда «Шаңырақ күні» – жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күні аталып өтуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<