Шаштараз-кітапхана

349

0

Үндістанның Тутикорин қаласында ерекше сән салоны жұмыс істеп тұр. Шаштараздың ішінен шағын кітапхана ашылған.

Кезек күткен клиенттер кітап оқыса, оларға 40% жеңілдік жасалады. Ал, бас тартып, смартфонға шұқшиғанды қолайласа, қызметтің толық құнын төлейді.

Салонның иесі Пон кішкентайынан кітап оқығанды жақсы көреді. Сондықтан өзгелерді де осыған дағдыландыруға ниетті. Ол баспа өнімдеріне сұраныс азайғанына алаңдаулы. Жаңа жылдан бастап шаш алудың ақысын қымбаттатқан шебер кітап оқитындарға бұрынғы баға сақталатынын айтты.

Шаштараздың идеясы жергілікті депутат пен танымал жазушының көңілінен шыққан. Сөйтіп, олар салонға біраз кітап сыйлаған. Бүгінде мұндағы кітап саны мыңнан асады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<