Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

612

0

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады Итальяндық Aviointeriors кресло өндіруші тұрып тұруға арналған орындардың дизайнын жасап шығарды. Ол осылайша ұшақтағы адам сыйымдылығын 20 пайызға арттыруды көздеп отыр. 

Су жаңа Skyrider 2.0 моделі Германияның Гамбург аймағында өткен Aircraft Interiors Expo 2018 форумында таныстырылды.

Өндірушінің сөзіне сенсек, мұндай орындықтар тығыздықты арттырып, қатар арасын жақындатуға мүмкіндік береді.

Skyrider орындығының дизайны ертоқымға ұқсайды. Өнертапқыш оны 2010 жылы ойлап тапқан. Алайда ол шақта АҚШ азаматтық авиациясы федералды басқармасы бұл идеяны қабылдамаған.

Aviointeriors өкілінің сөзіне сенсек, ковбойлар осындай қалыпта сағаттап тұрған. Әрі ешқандай жайсыздық сезінбеген. Мұндай тұрып тұруға арналған креслолар қысқа мерзімді рейстерге қолайлы болмақ әрі әуекомпания табысын арттырмақ.

Дереккөз: Stan.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<