Шавкат Рахмонов жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті

733

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны қылқындыру әдісімен жеңді.

Айта кетсек, жекпе-жек алдында Джефф Нил UFC орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмоновтан алда тұрды. Рейтингте американдық спортшы жетінші орынға жайғасса, қазақстандық оныншы орынға тұрақтаған еді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Әзірге ешқандай жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.

Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Алды ала мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды. Осыған қарамастан Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил жекпе-жегі салмақ айырмашылығына қарамастан өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<