Шиелі мен Түркістан арасындағы жол жабық

1387

0

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент автомобиль жолының бір бөлігі жабылды.

Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылы мен Түркістанға дейінгі аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі таңда «Қазавтожол» мекемесінің арнайы көліктері трассаны қар мен мұздан тазалауға кірісті. Қызылорда облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесіне сай рұқсат етілген жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<