Шиеліде жоғалған бес жастағы бала табылды

505

0

Шиелі ауданының елді мекенінен таңғы уақытта үйінен шығып кеткен бес жастағы бала аман-есен табылды.

Шиелі ауданының кезекші бөліміне сағат 6.00-де сол аудан тұрғынынан кәмелетке толмаған 5 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түскен. Оны іздеу үшін полиция бөлімінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды.

«Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар берді. Адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттар тексерілді. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған жасөспірім аудан орталығында табылды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналардан балаларды бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеміз», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әділжан ҮМБЕТ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<