Шипажайға жолдама табысталды

366

0

Алғыс айту күні қала әкімі Серік Қожаниязов «Су жүйесі» және «Қызылорда тазалығы» мекемелеріне арнайы барып, сала мамандарын құттықтады.

– Жұмысы ең маңызды әрі күрделі салалардың бірі – коммуналдық сала. Ауа райының қолайсыздығына қарамай күн-түні еңбек етіп жүрген өздеріңізге шынайы алғыс білдіремін. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізді бағалауда әлі де түрлі шаралар ұйымдастырылады, – деді қала әкімі.

Аймақ басшысының бастамасымен өткен жылдан бері коммуналдық шаруашылықта еңбек ететін жандарды қолдауда игілікті жұмыстар жасалды. Қоғамдық көліктерде тегін жүру карталары, еліміздің шипажайларына тегін жолдама беру үрдісі биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл – қарапайым еңбек адамдарына деген құрмет. Кездесу барысында үздіктерге «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама мен Алғыс хат табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<