Шіркейлідегі шешім тапқан мәселе

590

0

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Салауатұлы Шіркейлі ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге арнайы Сырдария ауданы әкімі, облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, тиісті басқармалардың басшылары мен аудандық дербес бөлімдер, коммуналдық сала басшылары қатысты.

Кездесу барысында Сырдария аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы аймақтағы соңғы жаңалықтар мен атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталып, аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, биылғы жылы атқарылатын аудан көлеміндегі жоспарларға тоқталды. Биыл аудан бойынша 11,6 млрд теңгенің 75 жобасы республикалық және облыстық бюджетке ұсынылып, қазіргі таңда 7,7 млрд теңгенің жобаларына тиісті қаржылық қолдаулар көрсетілді. Алдағы бюджеттік нақтылауларда қалған жобаларға қаржы алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде, Шіркейлі ауылы бойынша биыл ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекетке күрделі жөндеу жүргізіліп, аяқталуға жақын тұр. Ауылдағы Қ.Қожамжаров және Бейбітшілік көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде тиісті мемлекеттік сатып алу жұмыстары жасалуда.

Ауылдық округ бойынша 136 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны 131, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 100, шаруа қожалықтары – 30 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 1. Аграрлық несие корпарациясы арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкер 27 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 2 кәсіпкер мал бордақылау бағытында 6 млн.теңге несие алған.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1 225 200 теңге бойынша ауылдық округтен 34 адам грант алып, жұмыс жасауда.

Кездесу барысында үлескерлер арасында соңғы уақытта көтеріліп жүрген «Мәді қажы» ЖШС-нің төрағасын ауыстыру мәселесі де көтерілді. Бүгінгі жиынға арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Салауатұлы Қожаниязов тиісті заңнамалық тұрғыда түсіндірме берді. Шаруашылық және үлескерлер арасындағы мәселені зерделей келе, халықтың ұсынысымен заңды тұрғыда тиісті нормаларды сақтай отырып, шаруашылық төрағасын жалпы жиналыс өткізу арқылы сайлауға келісімге келді. Заң талаптарына сәйкес, алдын ала хабарлама беріліп, күні белгіленетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<