Шығармашыл ұстаздардың тәжірибе алаңы

825

0

Сырдария аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектепте аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың тәжірибе алаңы өткізілді.

Тәжірибе алаңының мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау. Алаңға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Серік Құсейінов пен Оразбай Орманов, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінен 50-ге жуық ұстаздар қатысты.

Бағдарлама бойынша идеялар аукционы: «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» тақырыбында командалар ішінен мұғалімдер өзара ой бөлісіп, өздерінің ізденістері мен идеяларын ортаға салды.

Жұмыстың келесі бағытында «Брейн-ринг – 2021» командалық сайысы өткізілді. Сайыс барысында командаларға логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде ой ұшқырлығымен озып шыққан:

1-орынды №135 орта мектебінің командасы;

2-орынды №37 мектеп-лицейінің командасы;

3-орынды №137 орта мектебінің командасы иеленді.

Сонымен қатар «Алтын көмбе» танымдық ойыны ұйымдастырылып, ойын барысындаөздерінің терең білімдерімен сұрақтарға толық жауап берген №36 мектеп-лицейі мен №137 орта мектепкомандалары «Алтын көмбеге» қол жеткізді.

Тәжірибе алаңы» жұмысы барысында тренерлер Серік Құсейінов, Оразбай Ормановтың жетекшілігімен семинар-тренинг өткізіліп, ұйымдастырылған түрлі шаралар соңындашығармашыл ұстаздарға Сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Серік Құсейінов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<