Шымкент мұнай зауытының жұмысы тоқтады

413

0

Фото: ашық дереккөз

Зауыттағы жоспарлы алдын алу жұмыстары энергетика министрлігінің жоспарына енгізілген.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚазМұнайГаз компаниясына сілтеме жасап.

Бұндай жұмыстар кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңда тиісті талап та бар. Сондықтан зауыттағы жоспарлы алдын алу жұмыстары энергетика министрлігінің жоспарына енгізілген.

Қазіргі кезде мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Сол жерде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеті қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<