Шымкент пен Тараз да тағы да жер сілкінісі болды

1002

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

– Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.1. MPV магнитудасы – 6,5. Эпицентр координаттары – 39.27° солтүстікке қарай – 69.80°. Тереңдігі – 25 шақырым, – деп жазды стансаның кезекші диспетчері.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<