Шымкент қаласының тұрғыны әкімшілік құқық бұзғаны үшін поездан түсірілді

405

0

2023 жылдың 04-ші маусымында Төретам станциясынан Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген.

Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып түн тыныштығын бұзған. Аталған дерек бойынша Төретам станциясындағы көлік полиция қызметкерлері мен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргендері үшін және ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі бойынша түнгі уақытта тыныштықты бұзу әрекет жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<