«Сіздердің жетістіктеріңіз кез келген статистикадан артық»

1563

0

Өркениет күн сайын өрістеп бара жатыр. Ғылым ғажаптары салтанат құруда. Осыдан жүз жыл бұрын қазақ даласында «жұмысшы» деген сөзге әркім түсіне бермейтін еді, енді жұмысты адам емес, «темірқұлдар» атқаратын болды. «Роботқа» жасанды зерде енгіздік. Олардың белгілі бір деңгейде шешім қабылдай алу функциясы «оянды». Енді мына бір нәрсеге ден қояйық. Табиғатты бүлдіретін де, қирататын да, қателесетін де – адам, «робот» қателеспейді. Бір күні олар: «Адамдардан құтылайық, бүкіл проблеманы жасап жатқан адамдар» деуі бек мүмкін. Жасыратын несі бар, дәл қазір болмаса да, алдағы жылдарда дәл осы мәселенің тууы ғажап емес.

Саналы адамзат бұл апат­тың алдын алуға міндетті. Ол үшін адам өзінің адами бол­мысынан, ұлттық құндылы­ғы­нан алыстамауы тиіс.

Елбасымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ма­қала­сынан түзілген бағдарлама қоғам­дық сананы жаңғыртуға бағыт­талды. Ұлт ұстынына ора­­луға жол көрсетті.Елбасы осы бағдар­ла­малық мақала­сында таяу жыл­дар­дағы мін­дет­терді белгілей келе: «…Ұлт мақтанышы біздің бұ­­­рын­ғы өткен батыр бабала­ры­мыз, данагөй билеріміз бен жырау­ларымыз ғана бол­мауға тиіс. Мен бүгінгі замандаста­рымыздың же­тістіктерінің та­рихына да назар аударуды ұсы­намын. Бұл идеяны «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» жо­басы арқылы іске асырған жөн», – деген болатын. 

Сондай-ақ, Елбасы бұл жоба арқылы – ақылымен, қо­лымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға та­ныту; оларға ақпараттық қол­дау жасап, танымал етудің жа­­ңа мультимедиалық алаңын қа­лып­тастыру; «100 жаңа есім» жо­басының өңірлік нұсқасын жасау секілді үш мәселені ше­шуді алға тартқан еді.  

Алғашқы кезеңде жоба тек рес­публика деңгейінде ғана іске асы­рылып келсе, соңғы уақытта жо­баның форматы жетілдіріліп, әр сала бойынша қала және аудан кө­лемінде табысқа жеткен азамат­тар­ды анықтау үшін жұмыс жасалды.

 Расында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы интеллектуалды да­му дәрежемізді көтерді, ұлт­тық код­тың, ұлы сананың те­реңіне тартты. Осындай ойлы, саналы, жан-жақты қалып­тас­қан жаста­рымыз, олардың әр саладағы жетістіктері «100 жаңа есім» жобасы бойын­ша сынға тү­сіп, 2018 жылы об­лы­сымыздың төрт азаматы же­ңімпаз атанды. Олар: хирург-дәрігер Болатбек Бай­маханов, тоғызқұмалақшы Әсел Дәлие­ва, селекционер-ғалым Алек­сандр Подольских және пе­да­гог-психолог Сымбат Әб­ді­рах­манова болатын.

Адам еңбегін бағалау, оның мәртебесін көтеру, ке­йін­гілерге үлгі ету дәстүрі – хал­қы­мызда ертеден келе жат­қан естілік. «Жақсы адам атқа мінсе жарасады, жаман адам атқа мінсе адасады» не­месе «ат жақсысын мақта, жі­гіт жақсысын жақта» деген халық нақылдары «жақсының жақ­сылығын айт – нұры тасысын» дегенге жалғасады.

Елбасы өзінің бағдар­ла­ма­лық мақаласында адам ең­бе­гін баға­лаудың астарын бы­лайша ашты: «..Қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өз­дері мен олардың табысқа жету тарихы, әдетте, құрғақ фак­тілер мен цифрлардың таса­сында қалып қояды. Шын мә­нінде, Қазақстанның әрбір же­тістігінің артында алуан түр­лі тағдырлар тұр».

Осы сөздің шындығын өмірден көріп те жүрміз ғой. Тіпті, ақпарат ағынындағы бұл қалыптың кешелі-бүгін пайда болмағанын да білеміз. Бір кезде даңқты жазушы Ғабит Мүсірепов: «Біз малшыны емес – малды, егіншіні емес – егінді, шахтерді емес көмірді жазуға төселіп кеткенбіз» деген-ді. Сол сартап жол күні бүгінге дейін жетті. Елбасының «… азаматтардың өздері мен олар­дың табысқа жету тарихы, әдетте, құрғақ фактілер мен цифр­лардың тасасында қалып қояды» деуінің астарында осы ақиқат жатыр.

Бұл жөнінде жақында ғана Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жа­ңа есімі» жо­басының жеңім­паз­дарымен кез­дескен сәтінде ширата айтты.

Президент Тәуелсіздік ке­зе­ңін­де өсіп қалыптасқан бу­ын­ның ат­қарған еңбегі мен өздерін таныта білген қарым-қабілеттерін жоғары бағалады.

Ерекше емдеу тәсілімен көп­­теген адамға перзент сүю ба­қытын сыйлаған дәрі­гер-ре­продуктолог Айдос Ибраги­мов­тің, жақында ғана «Grammy» сыйлығын жеңіп алып, Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдессіз жеңіс әкелген Иманбек Зейкеновтің есімін атады.

«Сіздердің жетістіктеріңіз кез келген статистикадан ар­тық. Осы­нау керемет жоба сіздерді одан әрі дамуға ерек­ше талпындырып, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идея­ларды іске асырудың кең көкжиек­терін ашты деп сенемін. Еліміз өзінің дарынды жастарының көптігімен мақтана алады және мақтануға тиіс. Қазақстанның болашағы сіздердей прогрес­сивті, талантты, патриот жас­тар­дың қолында. Сіздер мемле­кеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болуларыңыз ке­­рек. Ал, біз, яғни, аға тол­қын, осы айтқан сө­зіміздің шын­дыққа айналуы үшін барлығын жасаймыз», – деді Қ.Тоқаев.

Жеке тұлғалардың жетіс­тігін кез келген статистикадан жоға­ры қоюдың сырына ба­йыптап қара­сақ, еліміздің алға басуы әр адам­ның еңбегі мен жетістігінен құра­латынын анық сезінеміз. Мұның Мем­лекет басшысы тарапынан ерек­ше назарға алынып, да­рынды жастардың дәріп­телуі – өте құп­тарлық, қуанарлық іс. Бұл жө­нінде Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың өзі былай дейді: «Жүз жаңа есім» жобасы қазақ­стан­­дық арманның анық іске ас­қа­нын көр­сетеді. Әрбір талантты, еңбек­қор, мақсат­шыл адам осы заманның ба­ты­ры және ұлт мақ­танышы бо­ла алады. Сіздер сияқты та­бысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі. Халқымыздың мерейі де үстем болады. «Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты да – осы».

Расында, жүзден жүйрік бол­ған азаматтарымыз, Прези­дент айт­қандай, ұлт мақтанышы бола алатын есімдер. Мәсе­лен, қызыл­ордалық ұстаз, ау­дармашы, психолог Сым­бат Әбдірахманова табысқа жету үшін міндетті түрде мол қа­ражат керек емес деп есеп­тейді. Тек еңбек ете білу керек. Ал, еңбек еткен адам қай уақытта да қолдауға ие болады деп біледі жас дарын. Сымбат бірнеше тілді меңгерген, ешқандай ар­тық шығынсыз бала­ларға ар­налған қазақ тіліндегі да­мы­тушы мультфильмдер құ­рас­­­тырумен танылған талант иесі. Ол өзінің «100 жаңа есім» жоба­сында жеңіске же­туін соны қадамдарымның бас­­палдағы болды дейді. Үл­кен жауапкершілік, ал­ға ұм­ты­лушылық пайда болға­нын айтады. Жоба жеңімпазы атан­­ған соң Сымбат кәме­лет­­ке толма­ған­дар арасында суи­цидтің алдын алумен айна­лысып, Еуропа пси­хиа­торлар қауымдастығының мү­ше­сі бол­ған. Оңтүстік Африкада өт­кен психикалық денсаулық са­ла­сының сарапшылар оты­ры­сына қатысқан. «Отпен ойнама, ба­лақай!» мультфильмі аниматорлар фести­ва­лінде ар­найы жүлде алған.

Бүгінгі лексиконмен айтсақ, жоба әсері дарынды жасқа қан­шама мотивация, стимул алып келген!

Сократтың «өзіңді өзің та­ны» этикалық принципі, Абай­дың «адам бол» қағидаты бүгінгі әрбір жастың бойынан табылып жатса, «Мәңгілік Ел» идеясының тұғыры шынымен де мәңгілік болмақ.

Біз бүгінде Тәуелсіз елі­міздің 30 жылдық шежіресін жазып жа­тырмыз. Осы шежі­рені тарқатып талдайтын ер­теңгі ұрпақ бүгінгі дарынды, елшіл жастардың ізімен жүріп, ізгілікке ұмтылатыны анық. Демек, біз бүгініміз арқылы ер­теңіміздің бет-бейнесін қа­лып­тастырып отырмыз. Сол даңғыл жолға бастайтын жоба­ның бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі».

Ұлы Абай «адам» және «пен­де» деген ұғымдарды са­ра­лаған. «Пенденің» тұрағы – өт­кінші жалған, ал, адам – дү­ниенің, мәң­гіліктің туын­дысы.

Тәуелсіз Қазақ елінің де төрге шығарып отырғаны – адам бейнесі, оларды жарқы­рата көрсету.   

 «100 жаңа есім» жобасының жаңа маусымында да Сыр елі жасампаз жастарының жар­қырай көрінетініне күмәніміз жоқ.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<