Сот актілерін орындау – өзекті мәселе

1398

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму бағыттары мен басымдықтарды қамтиды. Жолдаудың негізі ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге арналған, әрине әлеуметтік-экономикалық мәселелер әрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын.

Бұл жолғы Жолдау маңызды де күрделі, елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес, бұны жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру бойынша тапсырма берілді, бұның өзі халық жағдайына қарасқан мәселе. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.

Сот актілерін орындау сот әділдігін іске асырудың соңғы қортындысы және азаматтардың құқықтарын қорғауға конституциялық кепілдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

         Ағымдағы жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.

        «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі-заң) атқарушылық іс жүргізудің сапасын жақсарту жолымен азаматтардың құқықтарын қорғау мен уақытылы іске асыруды, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар істер санаттары бойынша қамтамасыз етуге аса назар аударылды.

         Қабылданған түзетулер атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын көздейді.

         Атап айтқанда,  лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату негіздерін кеңейту арқылы жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейту.

         Арыз-шағымдарды қарау шеңберінде Жеке сот орындаушылардан ақпаратты талап ету құзыретін беру арқылы уәкілетті органның бақылау өкілеттіктері кеңейді және анықталған бұзушылықтарды жою үшін белгілі бір атқарушылық әрекеттерді жасауды тапсырылды.

         Жаңақорған, Шиелі және Қызылорда қаласының №1  аумақтық бөлімінің 2020 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша 2020 жылдың 9 айлық есебі бойынша барлығы 320 атқару өндірісі – 883 087 838 теңгеге орындауда болып, есептік кезеңде 264 атқару өндірісі – 359 601 459 теңгеге, яғни  82,5 пайызға аяқталған болса, оның ішінде 211 атқару өндірісі – 249 502 807 теңгеге 79,9 пайызы нақты орындалған. Қалдыққа 56 атқару өндірісі -523 486 379 теңгеге қалып отыр.

         Сонымен қатар есептік кезеңде мемлекет пайдасына 2 582 807 теңге көлемінде атқарушылық санкция өндірілген. Сондай ақ есептік кезеңде бөлімге барлығы 96 мемлекеттік қызмет бойынша атқару өндірістері орындау үшін түсіп, олар байынша да заңға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданған. Сот шешімін орындамаған борышкерлерген қатысты сотқа  5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның 4 –і бойынша әкімшілік айыппұл салынып, 1-і бойынша кері қайтарылған.

Ж.Нағашыбай,

«Қызылорда қаласының

№1 сот актілерін орындау жөнінде аумақтық бөлімі»

филиалының басшысы-аға сот орындаушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<