Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру

373

0

Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру»  атты 33-қадамын іске асыру мақсатында  Президент Жарлығымен 2017-2019 жылдарға арналған«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың Кешенді стратегиясы» бекітілді.

Мемлекет  бұл саясатты бірінші кезекте бүгінгі таңда орын алып отырған қылмыстылық деңгейін төмендету, яғни, қазіргі қылмыстылық атқару саясаты екі кезеңмен өткізілетін сотталғандарды әлеуметтендіруге бағытталған бағыттың бірі болып табылады. Сол себепті  осы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жобасы бойынша бірінші кезекте сотталғандарды қайтадан түзелу жолына түсіру, яғни, сотталғандарды  бостандыққа даярлау, екінші кезекте жазасын өтеп шыққаннан кейін жұмысқа орналыстыру болып табылады. Түзелу жолына түсіру мақсатында  Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде осы жоба аясында өткен жылы біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ ЗК-169/4 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу»пилоттық жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты абақтыдан босанып шыққандарға әлеуметтік көмек көрсету,білім алу, жаңа өмір бастағысы келген азаматтарға моральдық психологиялық көмек көрсету және де жеке өміріндегі құқықтарын заңды  түрде қорғауға көмектесу болып табылады. «Қақпа алдында кездесу»пилоттық жобасы өткізілу барысында  мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттері, жастар практикасы жөнінде сотталған азаматтарға толықтай түсіндіріледі. Бас бостандығынан айырылған азаматтарға мекемеге келген күннен бастап, осы әлеуметтендіру жобасы жүзеге асырыла бастайды. Мұнда біріншіден психологтың қызметімен әр сотталғанның  жеке басын зерделеу арқылы  психокорреция жүргізіліп, жаңа ортада бейімделу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді.  Одан кейін сотталғанмен еңбек, құқықтық,эстетикалық, адамгершілік, физикалық және ағарту сипатындағы процестер жүзеге асырылады.  Тәрбие бөлім қызметкерлері бұдан кейін сотталғандардың туыстарымен жақын қарым-қатынаста жұмыс жасауын қадағалайды.         

 ЗК-169/4 мекемесінде осындай оң нәтижелерге жеткізетін жұмыстар тұрақты жүргізілген арқасында мекемеде құқық бұзушылықтың артуын төмендетіп және мекемелерде сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттырудан көрініс тауып отыр. Жұмыспен қамтылған сотталғандар санын арттыру аясында жеке кәсіпкерлермен бірлесіп өздерінің жеке кәсіптеріне  сотталғандарды жұмыспен қамтамсыз етеді. Бүгінде облысымызда жеке кәсіпкелермен жұмыс жасап жатқан сотталғандар саны-41. РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалыында -14 сотталған. Осы айтылған сотталғандардың жұмыспен қатылуын арттыру перспективасын көрсетеді және ерікті түрде теңбе-тең  шаралар көзделген жағдайда сотталғандарға өздерінің еңбек қызметтерінің нәтижесінде қарыздарын да өтеуіне мүмкіндік беріп отырады. Сондай-ақ  тағы да айта кететін жағдай жергілікті атқару органдарымен өзара біріккен жұмысты жандандыру арқасында сотталғандарды әлеуметтендіру ісі де алға басып келеді.  Қазақ мақалында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Бір сөзбен айтқанда Сотталғандарды қайта әлеметтендіру-бұрын жаза басқан адамдарды қоғамға  заңды сыйлай білетін азаматтар ретінде кіріктіруге бағытталған кешенді шаралар болып табылады. Мекемеге келген әрбір сотталғанды қайтадан өмірге тәрбиелеудің аса маңызды жұмыстар мен күрделі міндеттері тұр.

Қызылорда облысы бойынша  ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<