СПОРТ АЛАҢЫНДА САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

263

0

Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында спартакиада өткізілді.

Сайысқа «Арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер көр­сету балалар орталығы», «Мүгедектерге ар­­налған оңалту орталығы»,  «№1 Қызылорда арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер көрсету ор­та­лығы», «Қазалы арнаулы әл­еу­меттік қызметтер көрсету ор­­талығы», №2 «Қызылорда ар­­наулы әлеуметтік қызмет­тер көр­сету орталығы» қызмет­кер­лері қатысып, командалар волей­бол, жеңіл атлетика, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі  се­кілді спорт түрлерінен сынға түсті.

Бүгінде облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 5 ұйым бар. Мұнан бөлек, жуырда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Шиелі ауданында «Думан-Шиелі» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылған. Орталықта қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балалар ем алып, демалысын өткізеді. Дертті жандарға дәру іздеп, тіпті жылы сөз, мейірімді көзқарасымен де қамқоршы болатын әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің жұмысы құр­метке лайық екені айтпаса да белгілі.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте, І орынды Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, ІІ орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, ІІІ орынды Мүгедектерге арналған оңалту орталығы иеленді.

Айдана ЖҰМАДИНОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<