Спорт жаңалықтары

729

0

1 алтын, 2 қола

Түркістан қаласында 13-17 шілде аралығында таэквондодан өткен Қазақстан кубогі мәресіне жетті.

Осы жарыста қызылордалық спортшылар 1 алтын, 2 қола медаль алды. Атап айтқанда, Ботаккөз Қапанова (49 келі) чемпион атанса, Шамшат Ақберген (53 келі) мен Жәния Әмірхан (57 келі) қола жүлдегер атанды.

Спортшыларды жарысқа Н.Курноскин мен Р.Сандықбаев дайындады.

Арайлым – Әлем чемпионы

Қызылордалық Арайлым Оразбай  белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионы болды.

14-17 шілде аралығында Астана қаласында өткен дүбірлі додада 76 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол қарсыласының барлығын қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Жандос Әбубәкіров (57 келі) екінші, Назерке Әбілтаева (52 келі) мен Айберген Алдаберген (90 келі) үшінші орын алды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<