Спорт жаңалықтары

531

0

«Қайсардың» тең ойыны

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турында Қызылорданың «Қайсары» Қарағандыда жергілікті «Шахтермен» кездесті.

Турнир кестесінде командалар қатарлас келеді. Жеңген команда жоғары орындарға жылжитын еді. Сондықтан олар ойын басынан белсенді қимылымен ерекшеленді. Алғашқы минуттан қызылордалық футболшылар алға қарай ұмтылды. Соған қарамастан, бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде алаң иелері алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 56-минутында қарағандылық клубтан Юрий Перцух мергендік танытты.

Ойынның 59-минутында «Қайсар» сапынан Дидар Жалмұқан қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Он ойыншымен қалғанына қарамастан, қызылордалық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде Горан Милойко 68, Бен Азиз Загре 70-минутта екі гол соғып кетті. Ал 93-минутта «Шахтер» сапынан Кампо Мина Франциско қорытынды есепті белгіледі. Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Енді 23-тур ойындары 23 және 24 қыркүйек күндері өткізіледі.

Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір спортынан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада қызылордалық спортшылар жоғары орындарға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында Еркебұлан Кәжденбек, Нұрислам Орынбасар 3-орын алды. Ал жастарда Қайсар Төлеген чемпион атанды. Ардагерлер арасында Талғат Есентүгелов екінші орынға тұрақтады.

Қызылордалық гандболшылар – үздік үштікте

Қостанай қаласында 2011 жылғы жасөспірімдер арасында гандболдан ҚР чемпионаты өтті. Оған еліміздің бірқатар өңірлерінен командалар қатысты.

Жарыс барысында қызылордалық гандболшылар үздік үштікті түйіндеді. Оларды чемпионатқа Құнанбай Салыбеков дайындады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<