Спорт жаңалықтары

3025

0

Нұрсұлтан Алтынбек – чемпион

Астана қаласында өткен бокстан ҚР жазғы спартакиадасында қызылордалық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Ересектер арасында алғаш рет бақ сынаған Нұрсұлтан Алтынбек 54 келі салмақта финалда Алматы облысынан келген Кенже Мұратұлын жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алды. Ал Азамат Бектас (75 келі) пен Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) қола жүлдегер атанды.

Сайыс қорытындысы бойында алдағы уақытта халықаралық жарыстарда бақ сынайтын ел құрамасы жасақталады. 

Еламан ел біріншілігінде жеңімпаз атанды

Астана қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел біріншілігінде қызылордалық балуандар жүлделі орыннан көрінді.

Ел біріншілігінде Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жеңіс тұғырынан, ал Дина Мұханбет (57 келі), Нұрдәулет Мейрамбеков (60 келі), Әсел Бисенбай (78 келі) үздік үштіктен көрінді.

Командалық жарыста Қызылорда командасы чемпион атанды.

Қоржында – үш медаль

Ақтау қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен ересектер арасындағы ел біріншілігінде қызылордалық балуандар үш медаль алып қайтты.

Бекжан Төлепов (55 келі) чемпион болса, Мақсат Исағабылов (түйе палуан) екінші, Еңбек Сақтағанов (90 келі) үшінші орын алды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<