Қоғам болып белсенділік танытсақ

818

0

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

«Ең бастысы – әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек» деген екен ғұлама ғалым Аристотель. Онан бері екі мың жарымдай жыл өтті, бірақ ең зұлым әлеуметтік жауыздық – сыбайлас жемқорлық індетін толық жою адамзаттың әлі де қолынан келер емес. Әйтсе де соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлықтың «тамырын» шабуға бағытталған жұмыстар молынан атқарылып жатыр.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершіліктерін арттыру шаралары қолданылуда. Дегенмен, қоғам мен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіретін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ескертетін жаңа тұжырымдық үлгіні дайындауда талдаулық, ұйымдастырушылық және насихаттау жұмыстарын қолға алу қажет. Яғни, сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы үшін билік құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ұшықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Барлық уақытта, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлық әрекеттері және ол әрекеттермен күрес жүргізілген.

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу болып табылады. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Мемлекетіміздің кез-келген азаматы ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен бәріміз күресуіміз қажет.

А.СӘЛІМЖАН,

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының

Персоналды басқару қызметінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<