Қоршаған ортаға қамқор бол!

1046

0

ФОТО

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен облыс бойынша экология департаменті Қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар сурет байқауын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Биыл байқау өңірлік ауқымда «Атамекен»отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы оқушылар арасында ұйымдастырылып, барлығы 29 бала өз туындысын жолдады.

Байқаудың мақсаты – балалар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету. Әр оқушы салған суреті арқылы туған өлкесінің болашағын, туған жер экологиясының жай-күйін жеткізді.

Балалар салған суреттердің ішінен үздік деп танылғандарын таңдау оңай болған жоқ. Іріктеу барысында суретші маман тақырыптық мазмұнға сәйкес суреттері таңдады.

Облыс бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрбек Садықов үздік деп танылған балаларды марапаттап, алғысын білдірді.

Байқау қорытындысымен бас жүлдені Алена Митрофанова жеңіп алса, І орынды Несібелі Алшынбаева иеленді. Екінші орынға Малика Байтілеуова мен Вероника Лебедованың суреттері лайық деп танылса, ІІІ орынды Валерия Митрофанова, Камиля Ысқақова және Никита Двоеглазов өзара бөлісті.

Жүлделі орынға ие болған және байқауда белсенділігімен ерекшеленген балаларға экология департаменті басшысы Нұржан Өмірсерікұлы атынан Грамота және Алғыс хат табысталды.

Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан мекеме директоры Лиза Скаковаға және ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Облыс бойынша

экология департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<