Сайлау – азаматтық көзқарас алаңы

208

0

Бүгін Қызылорда облыстық сотында сайлауға қатысты дауларды қарау бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Шараға облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары, сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

Семинар-тренинг барысында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2023 жылдан бастап аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды пилоттық режимде өткізу, 2025 жылдан бастап қалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда өткізу көзделгенін айтып, биыл пилоттық режимде Сырдария және Шиелі аудандарының әкімдерін сайлау жоспарланғанын, сайлаушылардың құқығын қорғау әкімшілік сот ісі тәртібімен жүргізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері сайлау өткізу тәртібіне қатысты көрініс көрсетіп, сайлау туралы заңнамаға сәйкес, еліміздің сайлау өткізу тәртібін, сайлаушыларды тіркеу барысын, байқаушылардың жұмысын және дауыс беру сәттерінен үзінділер келтірді.

Шара соңында семинар-тренингке белсене қатысқан университет студенттері Алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<