\»Суицид және оның алдын алу жолдары\»

679

0

ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамына «Суицид және оның алдын алу жолдары» тақырыбында  2018 жылдың 10-шы қыркүйек күні семинар сабақ өткізілді. Аталған семинарға келесі қонақтар: «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» психологтары Омарова Гүлнар Камалқызы мен Әлихан Әсел Сайлауқызы шақырылып, «Суицид және оның алдын-алу жолдары» тақырыбында кең мағлұмат беріп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
Семинардың алғашқы бастамасын медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Бегманова Жанар жасақтың жеке құрамына суицид сипаты, статистика бойынша олардың әлемдегі санын атап, слайд арқылы суицидтің түрлері мен себеп-салдары, суицидке бейім адамдарға көмек беру жайында жіктеп түсінік берді. Суицид туралы видеороликтер мен жаднамалар таратылды. Күйзеліске байланысты тренинг өткізілді.
«Облыстық психикалық денсаулық орталығының» психологтары Омарова Гүлнар Камалқызы мен Әлихан Әсел Сайлауқызы суицидтің түрлері мен себептері жайында кең мағлұмат бере отырып, оның алдын-алу жолдарын түсіндірді. Құтқарушылармен бірге ситуациялық ойын ойнатылды. Сонымен қатар суицид туралы жан-жақты түрлері мен оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі туралы, әдістерін түсіндірді. Қатысушыларға психиатр маман көкейтесті сұрақтарға жауап беріп отырды.  
Семинарды қортындылай келе, қатысушылар мен қонақтарға уақыттарын бөліп, ұйымдастырып отырған іс шараға жасақ құтқарушылары ризашылықтарын білдірді.                                                              
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<