Сыбайлас жемқорлық деректері азайды

477

0

Биыл аймағымызда бюджеттік тәртіпті сақтау мен қаржылық процестерді оңтайлы басқаруда бірқатар маңызды қадамдар жасалды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары едәуір төмендеген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйым­дас­тыруымен өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен нөлдік төзбеушілікті қалып­тастыру мақсатында 937 іс-шара өткізіліп, 487 мыңнан аса азамат қамтылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам белсенділері, арнайы мониторинг топ және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсе мүшелерінің қатысуымен 5 шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен алдын алу жұмыс­тарының нәтижесінде облыста жемқорлық деректері біршама азайған.

«Департамент кә­сіпкерлер мен инвесторлардың жобаларын сыбайлас жемқорлық әрекеттерден қорғауға барлық шаралар қабылдануда. Осы орайда «Protecting bussines and investments» жобасы аясында инвесторлардың жалпы құны 556,4 млрд теңгені құрайтын 24 инвестициялық жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған», – деді өңірлік коммуникациялар қызме­тінде өткен баспасөз конференциясында облыстық департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Яғмусов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<