Сыйақы мөлшері қанша?

350

0

Жұмыр жердегі әрбір мемлекет өздерінің сенім білдірген саңлақтарының жеңіс тұғырынан көрінгенін қалайды. Бұл мақсатта жеңімпаздарға арналған қомақты сыйақы тағайындалған.

Олардың қатарында Қазақстан да бар. Еліміз Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ долларын берсе, күміс жүлдегер 150, қола медаль иесі 75 мың АҚШ долларына ие болады. Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне қомақты жүлде тағайындаған ­мемлекеттер қатарында алдыңғы орындарда.

Әлемде ең жоғары сыйақы тағайындау жөнінен Сингапур мен Индонезия алдына жан салмай тұр. Алғашқысында ол 1 млн доллар болса, екіншісінде 745 мың долларға жетеді.

Бұрынғы КСРО елдерінің арасында Грузия алдымызға шыққан. Бұл елдің спортшылары чемпион атанса, 322 мың доллар шамасында сыйақы алады. Ал Әзербайжанда 248 мың доллар, Өзбекстанда мұндай сыйақы 200 мың долларды шамалайды. Бұл жөнінен алғашқы бестікті түйіндеген Молдовада  Олимпиада чемпионы 166 мың доллар сыйақыға қол жеткізеді. Бұл Литвада 136, Беларусьте 129, Украинада 125, Қырғызстанда 119, Ресейде 54 мың АҚШ доллары болып белгіленген. Ал Еуропа елдерінде бұл мақсатта жеңімпазға Италия 166, Венгрия 120 мың доллар тағайындаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<