«Сыр барысы» өңір жастарымен кездесті

2504

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

Сыр өңірі талай талантты тудырған өлке. Сол таланттардың бірі, Сыр спортының саңлақ батыры – Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы. Ес білгеннен спортты жанына серік етіп, алдына қойған мақсатын нәтижеге айналдырып, талай бәсі биік бәсекеде топ жарған жерлесіміз Шиелі ауданының жастарымен кездесті.

«Қазақстан барысы» додасының алтын белбеуін жеңіп алған, бұқаралық спортты серік етуіне, ұлттық құндылықтарды жоғары қойып, қазақ күресі спортының тынысын ашуға үлкен серпін беріп келеді.

Ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты қазақ күресінен республикалық, халықаралық ареналарда еліміздің көк туы желбіретіп, Гимнін шырқатуы сырбойылық жерлесіміздің жемісті жеңістері мен жетістігі Бізді ерекше қуанышқа бөлейді.

Ұлттық сана арқылы идеяға, рухани ұстаным жайында сөз қозғалып, жастарға үлкен тәрбиелік мәні зор ақпараттармен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<