«Сыр дарыны» білімділер академиясы жұмысын бастады

431

0

Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінде «Сыр дарыны» білімділер академиясының жаңа маусымының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті.

«Zoom» платформасы арқылы ашылу салтанатына қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова бұл академия білім бәсекелерінде өңіріміздің абыройын асқақтатын дарынды балаларды даярлайтын ұстаханаға айналатынына сенім білдірді.

«Академия құрамына енген жас дарынды оқушыларымызға алдағы білім бәсекелерінде биік белестерді бағындыруды тілеймін. Зияткерлік жарыстарда көшбасшылық орынға ие болуы үшін біз барлық жағдайды жасауды жалғастыра беретін боламыз», – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Айта кетейік, «Сыр дарыны» білімділер академиясының негізгі мақсаты – бастауыштан бастап, жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға дарынды оқушыларды белсенді қатысуын арттыру, жоғары нәтиже көрсетуге жұмыс жасау болып табылады.

Білімділер академиясының жұмысы бүгіннен бастап физика, химия, математика, информатика, биология пәндері бойынша оқыту курстарын бастады.

Академия құрамына облыс бойынша 100 оқушы түрлі білім сынақтары арқылы іріктеуден өткізіліп, таңдалған. Сонымен қатар, 16-21 тамыз аралығында өтетін оқыту курстарына белсенді қатысқан оқушылар апта соңында марапатталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз