Сыр елі чемпион қызын күтіп алды

848

0

1-3 мамыр аралығында Грецияның Родос қаласында Шахматтан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы Назерке Нұрғали туған жеріне келді.

Кеше Сыр жұртшылығы әлемнің 40 елінен жиылған шахматшылар арасынан басып озып, 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионы атанған Назерке мен жаттықтықтырушысы Василий Шимельковті салтанатты түрде күтіп алды.

Әлем чемпионын күтіп алуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Жаманқұл, шахматтан облыстағы аға жаттықтырушы Р.Қошқарова, шахматтан бірнеше дүркін чемпион Ә.Серікбай, спорт мектеп жаттықтырушылары мен спортшылары және Чемпионның туыстары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Темір жол вокзалының перроны бұл уақытта той-думанға ұласты десек қателеспейміз. Қуаныш үстінде шашу да шашылып, бата да беріліп, тіпті арнау айтылды. Сонымен бірге жұғысты болсын деген ниетпен барша жұрт Чемпион қызбен естелік суретке түсті.

Назерке Нұрғали өз кезегінде барша жанашырларына, бүгін құттықтап келген дос-жаранға алғысын білдірді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<