Сырдария ауданында кездесу өтті

320

0

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Сырдария аданында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында аудан тұрындарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, мемлекеттік бағдарламалармен жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй алу бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар, мемлекеттік қолдаулар түсіндірілді.
Кездесуде облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов, «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» Қызылорда бөлімшесінің консультанты Ділдаш Нұрқасымова, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова баяндамалар жасады. Ауыл тұрғындары да өз тарапынан сауалдар қойып, заң аясында жауаптар алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<