Сіз қысқа дайынсыз ба?

435

0

Жыл сайын тұрғын секторда тұрғындардың пешті уақытылы қысқа дайындамауы мен электр жүйелерінің ақаулықтарының себептерінен  тұрмыстық өрт оқиғалары және көмірқышқыл газына улану фактісітіркелуде.
Ағымдағы жылдың сегіз айында Қызылорда облысы бойынша тұрғын секторда218 өрт оқиғасы,6 көмірқышқыл газына улану  фактісі тіркеліп 12 адамзардап шегіп, оның ішінде 7 бала, емханаға жатқызылған болатын.
Әр жылы күз кезінде Төтенше жағдайлар департаментімен қыркүйек және қазан айлары«өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланады. Осы өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде қызметкерлерадам өмірі мен денсаулығынжәнеменшікті өрттен қорғау мақсатында тұрғын секторларды аралап облыс тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Құрметті облыс тұрғындары, сондықтан келесі қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтайық:
– үйіңіздегі жылыту пешін пайдаланбастан бұрын жөндеу жүргізіп, мұржаларды 2 ай сайын күл қоқыстан тазалау қажет;
– пешке тамызгы ретінде тез жанғыш бензин, спирт, солярка сұйықтықтарын қолдануға болмайды;
– пеш есігінің алдындағы ағаш еденді 50х70 см.қаңылтырмен қорғаңыз;
– электр аспаптарын (теледидар, тоқ шәйнек, тоңазытқыш т.б) бір резеткігеқосуға жол бермеңіз,бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттылығына әкеп соқтырады. Осының салдары өрт оқиғасына алып келеді;
– сіріңке, жандырғышты тағы басқа тұтынантын заттарды балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз және әр дайым балаларға ол заттардың ойыншық емес екенін қатаң ескерту қажет;
– балаларды үлкендердің қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;
– төсек орнында темекі шекпеңіз,темекі қалдықтарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз;
– асханада әзірленіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыз;
– өрт шыққан жағдайда жедел, өртке қарсы қызметіне «101», немесе құтқару қызметіне «112» номерлеріне хабарлаңыз.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау
және профилактикалық қызмет басқармасы
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<