Тәрбие жұмысын жоспарлауға бағытталған тәжірибелік семинар

187

0

Фото: ИПК

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында тәрбие жұмысын жоспарлауға бағытталған онлайн форматта республикалық тәжірибелік семинар өтті.

Интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған курс аясында өткізілген «Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы әдістемелік семинар жұмысы үздіксіз білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты, кәсіби, жеке және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті болашақ маман ретінде оқушының жеке басын қалыптастыру, дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталды.

Семинар барысында Астана, Алматы, Атырау, Тараз және Қызылорда қалалары бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбиешілері жобалық жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, Қызылода қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхананың психологтары Анар Раушанбекқызы, Гүлзина Ғабитқызы, Индира Бекболқызы «Оқушыларға, ата-аналарға, ұжымға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбындағы жұмыстарымен бөлісті.

Курс аясында ұйымдастырылған шарада тыңдаушылар табысты тәрбие жұмысына жағдай жасаудың, мектеп-интернаттың барлық қызметкерлерін тікелей оқу-тәрбие үдерісіне тартудың және мектептің ата-аналармен ынтымақтастығының ең тиімді нысандарымен танысып, мазмұнды ақпарат алды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<