Танымал футбол бапкері көз жұмды

4039

0

Фото: ашық дереккөз

Португалиялық бапкер Артур Жорже 78 жасында өмірден озды, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz сайтының дерегінше, бұл туралы бапкердің отбасы мүшелеріне сілтеме жасай отырып Record басылымы мәлімдеді. Жорже созылмалы аурудан Лиссабондағы үйінде қайтыс болды.

Португалиялық бапкер Португалия, Франция, Ресей және Сауд Арабиясы чемпионаттарында жұмыс істеген. Мәскеудің ЦСКА клубымен 2004 жылы Ресей Суперкубогын иеленді.

Сонымен қатар Жорже «Порту» клубымен бірге Португалия чемпионатында топ жарып, Еуропа чемпионаттарының кубогында үздік шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<