Танысын бопсалаған әйел құрықталды

528

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған 35 жастағы әйел құрықталды , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 ақпан күні полицияға 44 жастағы азаматша жүгінді. Ол танысы өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 5 млн теңге беруді талап еткен.

Аталған дерек бойынша Қазалы АПБ және Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<