Тарақанның тағдыры

1202

0

Қызылордада дәрігерлер 6 жастағы қыз баланың құлағынан тарақан алды. Бұл туралы дәрігер Айдос Төремұратов өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Әкесінің айтуы бойынша пәтерлерінде тарақан, қоңыз секілді жәндіктер көп көрінеді. Бала ұйқыдан шошып оянып, жылап құлағында жағымсыз әсер мазалады деп шағымданған. Анасы қаламыздағы клиникалардың біріне барып ЛОР дәрігер көмегіне жүгінген. Дәрігер құлаққа ем тағайындап дәрілік ертіндімен тығындап турунда қойып берген. Бірнеше сағат өткен соң құлағы дырылдап қытырлағаны басылған. Құлақтағы тығындыны алған соң бала қайта жайсыздықты айтқан. Әкесі қызын ертіп ЛОР қарауына әкелді» деп жазған Айдос Болатбекұлы.

Баланың құлақ ауруының себебі не екен деп әрі қарай оқыдық.

Айдос Төремұратов

«Құлақ ішін қарасақ, байғұс бір бейкүнә тарақан баласы» компрессионный перелом шейного отдела позваночника»деген диагнозбен бақилық болыпты. Құлақ ішін физ.раствормен жуып баланың құлағындағы жайсыздық тоқталып, түбегейлі жойдық. Бала қуанып қалды. Ал таракан мүрдесін медициналық қалдық крематорий пешіне өз қолымызбен табыстадық. Осылайша тарақан әулеті 1-ге кеміді» деп жазбасын әзілмен аяқтаған.

Айдос Төремұратов аймақтағы білікті оториноларинголог. Ізденімпаз маман науқастарды емдеуде жақсы нәтиже көрсетіп, емделушілердің алғысына бөленіп жүр.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<