Тарихи тұлға тағылымы

1213

0

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында белгілі тұлғалардың өмір жолы мен елеулі еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау үшін мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына  орай «Тарихи тұлға тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас ашып, қоғам қайраткерінің ел үшін жасаған игі істерінің маңыздылығын атап көрсетті.

Іс-шараға экономика  ғылымдарының кандидаты, профессор  Қ.Құдайбергенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Уәйіс, философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберліұлы, қоғам қайраткері С.Әбішұлы қатысып, Дінмұхамед Қонаев билігі тұсындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен  даму жолдары,  саяси бағытының  дәйектілігін атап көрсетті. Мысалы, Б.Қожамберліұлы Дінмұхамед Қонаевтың ел басқарудағы іскерлік қасиеттерімен қоса ғылымдағы табыстары жайында қызықты мәліметтер келтірді. Ғылыми еңбектеріне біршама шолу жасады. Өз кезегінде профессор Қ.Құдайбергенов жылдар бойы Қонаев тұлғасына қатысты жүргізген тың зерттеулері нәтижесін бөлісіп, алдағы уақытта кітапханада қайраткердің адамгершілік қасиеттерін, іскерлік қырларын, жалпы өмір тәжірибесін жастарға кеңінен насихаттау үшін республикалық танымдық конференция өткізуді ұсынды. Халықаралық Қонаев қорының  мүшесі  Ержан Уәйіс Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке тілшісі болып жұмыс істеген жылдары туралы деректі оқиғаларды баяндап берді. Оқырмандарға жеке қорындағы деректі фильмді көрсетті. Кітапхана ұжымы қала аумағынан «Қонаев бағын» ашу жөнінде ұсыныс айтты.

Оқырмандар «Ұлттың рухани ұстазы» атты кітап көрмесін тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<