Тастаяқ тартысы

551

0

Ардагерлер үйінде бильярдтан турнир өткізілді. Аудан әкімі Нариман Мақұлбеков ардагерлерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Пердәлі Архабаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Ысмайл сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ардагерлер үйіне мерекеге орай белгілі кәсіпкер Бақытжан Орынбаев бильярд тақтасын сыйға тартқан. “Семізбай-U” ЖШС Иіркөл филиалының директоры Мұқанбетжан Салқынбаев ақшалай сыйлық, кубок пен 2 ойын таяғын сыйға беріп, жарысқа демеушілік жасады.

8 ардагер арасындағы ойын тартысты өтті. Нәтижесінде Асқар Орынбаев, Алихан Әбдірайымов, Қабілеш Бекішев,  Шағдарбек Саржанов өзара жеңіс орындарын бөлісті. Өзге де қатысушы ардагерлер марапатсыз қалған жоқ. 

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

 Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<