ТАТУЛЫҚ ТҰҒЫРЫ – АСТАНАМ!

285

0

Қашаннан-ақ қазақ деген атым бар,

Асылдардан жаратылған затым бар.

Тәуелсіздік туы тұрса желбіреп,

Туған елін жырламай ма ақындар.

 

      Біз әрқашан қазақ болып қаламыз,

      Алдымызда Нұрсұлтандай данамыз.

      Мәңгілік ел сапарына бастады,

      Салт-дәстүрін сақтап келген санамыз.

 

Абыройым шырқап салар асқақ ән,

Беделім де төмен емес басқадан.

Бар әлемнің басын қосты бүгінде,

Татулыққа тұғыр болған Астанам!

 

      Қараңызшы, нұр түсіп тұр төрімнен,

      Далам дархан, көңілім тоқ, кең іргем.

      Елбасымның саясаты емес пе,

         Күндей болып, сәуле шашып төгілген.

ЖАЛАҒАШ –ТУҒАН МЕКЕНІМ

Қасиетті топырақтан жаралғанмын,

Киелі Сыр бойынан нәр алғанмын.

Думандатып дос-құрбы қатарыммен, 

Құстай түлеп, қанатымды таранғанмын.

               Болса да ғұмырдағы көші келте,

               Жақсылар үлгі берді қасына ерте.

               Жаныма байлық сыйлап, сәуле сепкен,

               Жалағаш – бақыт қонған асыл өлке.

Жалағаш – өркені өскен құтты мекен,

Ұл-қызы атын әлемге әйгілі еткен.

Тәңірдің көзі түсіп бұл өлкеге,

Жерінің асты-үстіне байлық еккен.

               Сыртта жүрсем, лезде сағынамын,

               Жалағаш, жалғыз сен ғанасың жан ұраным.

               Жер бетінде көп дейтін жұмақ мекен,

               Таба алмасам ондай жер неғыламын.

Бейнеңнен айналайын күй тараған,

Сүймесе сүймес сені қиқар адам.

Ондайды күнәдан да ауыр көрем,

Ауаң – бал, топырағың шипа маған.

               Назды сыр, жанға дауа әннің елі,

               Сенде ғана күн жайнап,таң күледі.

               Басқа өлкенің бір-ақ күн тұрғынымын,

               Саған байлап тастаған мәңгі мені.

Сабет ДӘРІБАЕВ,

КСРО және Қазақстан Республикасы 

«Денсаулық сақтау жүйесі үздігі».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<