Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді

219

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Наурыз айының басынан бастап ауданда екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Бүгін көктемгі тазалық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліске Әйтеке би кентінде орналасқан барлық мекеме-кәсіпорын басшылары мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Жиын барысында Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов ауданда өтетін екі айлық тазалық жұмыстары жүргізілетін аймақтар бойынша бөліністі баяндады.

Мейрамбек Зинабдинұлы мекеме-кәсіпорын басшыларына өздеріне бектілген аймақ бойынша тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, игі іске аудан тұрғындарында ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Аудан орталығындағы 7 аймақ бойынша жүргізілетін тазалық жұмыстарына жауапты аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысына өздеріне бектілген аймаққа күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар жиынға қатысқан әрбір аймақтағы учаскелік полиция инспекторларына белгіленбеген орындарға күл-қоқыс тастаған тұрғындарға ескерту жасап, тиісінше айыппұл салу керектігінде жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<