Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі

431

0

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында жарияланған, мемлекет міндеттемелерінің шекарасын анық айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін жасау қажеттігі туралы бөлігін жүзеге асырудағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің заңнамалық түзетулері»-не сай,  2009 жылғы 18қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Қазақстан денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, туберкулезге қарсы медициналық көмек көрсетуді күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жүргізудің 2014-2020 жылдарға арналған  кешенді жоспары» бекітілген.
Тұрғындарға туберкулезге қарсы ұйымдарда көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасына қанағаттану деңгейіне баға беру үшін науқастар арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізу жолға қойылған.
Медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету тетіктері жасалған: ішкі аудит,сыртқы бақылау, тоқсан сайын мониторинг жүргізу, қызмет көрсетуді белгіленген стандарттар бойынша жүргізу және клиникалық хаттамалар толтыру.
Облыста туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткіші 100мың тұрғынға шаққанда 2017жылы – 59,3 (2016жылмен салыстырғанда 8,7 % төмендеу қарқыны, ал өлім-жітім 2017 жылы – (3,2) 5,9 %-ға төмендеу қарқыны байқалады
Туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа әдістері қолданылуда. Туберкулезге қарсы ұйымдарының бактериологиялық зертханаларында туберкулезді және ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілді:BACTEC MGIT-960 Hain-tect и Gene-Хpert.
Облыста туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда, яғни туберкулез микобактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекен – жай бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастың  саны 91 (39,6%).
Атап айтсақ, облыс бойынша алғаш айқындалған туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі – 2017 жылы – 88,1%, ал, көптеген дәріге көнбейтін туберкулезден сауығу жағдайы  2017жылы – 79,2%-ды құрауда. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның стандартына сай.
Облыста туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде. 2018жылы көптеген дәріге көнбейтін және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезге шалдыққан 43 науқас қысқа мерзімді емдеу схемасымен, ал 9 науқас жеке емдеу схемасымен емделуде.
Туберкулез науқастарына психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету жолға қойылған.
Әрбір емханада психолог мамандары жұмыс жасауда, сонымен қатар  облыс әкімінің  «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2014 жылдан  бастап туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілуде.
2016 жылы-1219 науқасқа 139745,9 мың тенге, 2017жылы 1490 науқасқа барлығы 185743,1мың тенге көлемінде  қаржылай  көмек берілген.
Туберкулездің алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекеттің тегін  медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемінде жүргізіледі. Тез диагностикалау әдістерімен тиімділігі жоғары дәрі дәрмектер арқасында  туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп,  дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәндіде  мағналы өмір сүре алады.
Ә.Әбләзім,
Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы
 диспансерінің  бас дәрігері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<