Теміржол көпірі – көптің игілігі

452

0

Шиелі кентіндегі теміржол үстінен өтетін көпір мәселесі көп жылдан бері шешілмеген еді. Орайлы істің сәті биыл келген сыңайлы. Маусым айының басынан бастап құрылысты «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС қолға алды. Құны 64 млн теңгеге бағаланған нысан «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде салынуда.

Кө­­лік кептелісінен те­мір­жолдан өте алмай, еріксіз іркілгендер бір­шама уақытын осында жоғалтады. Көпір осы ыңғайсыздықты жо­йып, теміржолдың екі бе­тіне көлік қатынасын жеңіл­детеді.

– Негізгі жұмыстар бітуге таяу. Көпірдің ұзын­дығы 76 метр болса, қос жолақты айналмалы автомобиль жолының  жал­пы ұзындығы 1200 метр. Қазір құрылыс басындағы 5 бригадада 75 жұмысшы еңбек етеді. Су құбыры, электр қуаты, тағы басқа қосалқы шаруалар қоса атқарылады. Бақытжан Оңалбаев бас­шылық ететін бригадада 35 адам бар. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­­шылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жол­дары КММ-нің басшысы Дана Аман үнемі бізбен бірге. Амандық болса, Тәуелсіздік күні қарсаңында теміржол үстінен өтетін көпір құрылысын толық бі­тіріп, пайдалануға бе­реміз деп жоспарлап отыр­мыз, – дейді учаске бастығы Нұрбол Ұлық­бек бізбен әңгімесінде.

Аспалы көпір құры­лы­сының жұмысымен танысу барысында бай­қағанымыз, бригадир Сейіл­хан Әли, жұмыс­шы­лар Өскен Еру­бай, Нұрсұлтан Есен­таев сын­­ды азаматтар аянбай еңбек етіп, өзгелерге үлгі көрсетуде. Бір сүй­сінерлігі, жұмыс­шы­лардың басым бөлігі жергілікті жастар екен. Мердігер компания директоры Алмас Ертаев та құрылыстың  сапалы жүргізілуін барынша қа­дағалап, ұйымдастыру жұмыс­тарын білікті ат­қа­руда.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<