Тергеушіге алғыс білдірді

406

0

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Әр істің артында адам тұр десек, осынау ауыр жұмысты арқалаған тергеушінің  әр сағатының өзі сан түрлі оқиғамен өріліп, оған қаншама күш-қайрат жұмсалатынын елеп-ескеру қиын емес.

Жуырда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұхтар Қожабаевқа қала тұрғыны алғыс білдіріп хат қалдырған болатын.

Жаз айында жәбірленуші күдікті азаматқа «Алматы облысындағы жоғарғы оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беремін» – деп, 3 миллион 310 мың теңге беріп, алаяқтың құрбанына түскені жайында Тасбөгет полиция бөліміне  арызданған болатын.

 Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөлімінің тергеушісі,  полиция аға лейтенанты Барысбек Талғатұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде алаяқтық жолымен алынған қаражаттарын жәбірленушіге толықтай қайтарылды.

Өз кезегінде қала тұрғыны «Сізге осы алғысымды жолдай отырып, қылмысты ашуға бар күш-жігерлерін салып, жедел іздестіру іс-шараларын тиімді нәтижемен ұйымдастырған тәртіп сақшысын марапаттауыңызды сұраймын!» – деп атап өтті.

Айта кетейік, қызылордалық тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым көмекке мұқтаж жандарға заң шеңберінде көмек көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<