Еліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында Қармақшы ауданындағы №107 орта мектебінде «Тиімді жоспарлау – функционалдық сауаттылықты дамыту негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылған семинарға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының, аудандық білім бөлімінің өкілдері және Қармақшы ауданындағы мақсатты мектеп басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар мазмұны қажетті ақпаратты талдау, болжам жасау, мәселелердің шешімін табу және ғылыми негіздеме беру дағдыларын дамытуда оқытудың тиімді стратегияларын қолдану арқылы білім алушылардың интепретациялау дағдыларын жетілдіруге, сол арқылы олардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Әдістемелік шара барысында №107 мектептің бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, биология, география пәні мұғалімдері тиімді жоспарлау негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту стратегияларын көрсетті.
Филиалдың аға оқытушысы Жанар Жубауова қатысушыларға функционалдық сауаттылықты дамыту, топтық жұмысты «Scrum education» тәсілі арқылы ұйымдастыру жолдары бойынша шеберлік сынып көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Мақсатты мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, сабақтарына қатысып, бағыт-бағдар беру мақсатындағы семинар жұмысы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құруға бағытталған маңызды қадам болмақ!
Жанар Жубауова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<