ТІЛШІЛЕР ВЕЛОСИПЕД ТІЗГІНДЕДІ

300

0

Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері велошеру өткізді. 

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған спорттық шараға 60-тан астам БАҚ өкілдері қатысты. 

Басқарма басшысы Талғат Маханов қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтті.

– Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері облыс дамуының оң имиджін қалыптастыруда өз үлестерін қосып келеді. Салауатты өмір салтын насихаттау әр кезде маңызды. Сондықтан журналистер арасында спорттық шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруы қажет деп есептейміз, – деді Талғат Толыбайұлы. 

Велосипед тізгіндеген тілшілер «Сыр Ана» монументінен бастап, «Қорқыт ата» ескерткішіне дейінгі қашықтықты бағындырды.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<