Төрешілер қазақ боксшысының жеңісін тартып алды 

1746

0

Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қытай қазағы Ұлан Төлеуғазы өзбекстандық боксшы Олимжон Назаровты нокдаунға түсіргенімен жеңіліп қалды.

Қытай қазағы Ұлан Төлеуғазы жекпе-жектің алтыншы раундында өзбестандық боксшыны нокдаунға жіберген болатын. Алайда жекпе-жек төрешілердің шешімімен Өзбекстан былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілді. Олимжон Назаров 96:93, 97:92, 94:95 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назаров ең жеңіл салмақта WBO Oriental белбеуін қорғап қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<