Төтенше жағдайлар жөнінде комиссия отырысы өтті

371

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде негізгі 3 мәселе және қосымша 1 мәселе қаралды.
Атап айтқанда,«Аудан көлемінде орналасқан өртке қарсы су көздерінің жағдайы туралы» аудандық №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Келдібай Ақашов, «Қыс мезгіліндегі ауа райына байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев хабарлама жасады. Сондай-ақ, «Әлеуметтік нысандардағы және тұрғын секторларындағы газ және газ жабдықтарының жай-күйі туралы» Сырдария ауданының газ шаруашылығының директоры
Еркебұлан Есенгелді баяндаса, ағымдағы жылдың 2-3 қараша күндері «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Шарафадинов ақпарат берді.

Комиссия отырысының қорытындысымен тиісті мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<