Токио Олимпиадасы: қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты

527

0

Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Академиялық есу жарысына Владислав Яковлев сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Есушілердің жекелей сындағы финалы 30 шілдеде өтеді. 

Айта кетейік, бүгін, 23 шілдеде, Олимпиадада қазақстандық садақшылар бақ сынайды. Сайысқа Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қатысады. Іріктеу Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де басталады.

Ал 17.00-де Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. 

СН. кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<