Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

245

0

Қазалы ауданында жастар арасындағы түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары сәуір айынан бері жалғасын тауып келеді.

Кезектілікке сәйкес “Аmanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев басшылық жасайтын топ жасөспірімдердің көптеп бас қосатын орындарына барып, түсіндірме жұмыстарын жасады.

Арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Айта кетейік, аталған топтардың жұмысы әрі қарай қарқын алып, күшейтіле бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<